Біз туралы
Мақсат
Өмірдің барлық салаларында адамның тұтас дамуы!
Аян
Ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы үйлесімді қарым-қатынастарды барынша тиімді дамыту арқылы жойылып бара жатқан отбасылық құндылықтарды қалпына келтіру арқылы бақытты отбасыларды көру.
Мақсат
Өмірдің барлық салаларында адамның тұтас дамуы!
Орталықтың тарихы
2003 пен 2018 жыл аралығында кітапхана, орыс, ағылшын және қытай тілі клубтары жұмыс істеді, шетелдік еріктілердің қатысуымен жыл сайынғы оқу лагерлерін жүргізіп отырды. Мектеп, университет, колледждермен бірге қызмет еттік. «Hughes Alliance» халықаралық консалтиг компаниясының қолдауымен шағын кәсіпкерлікке үйрету мақсатында бизнес тренингтер жүргіздік. Оқу ақпараттық журналдар, кітаптар мен брошюралар шығарылды. Науқас балаларға емделу және қиын жағдайға тап болған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Отбасы және неке мәселелері бойынша кеңестер берілді.2003 пен 2019 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарына танымдық экскурсиялар жасалды : Медеу, Шарын шатқалы, Шымбұлақ, Ақсай шатқалы, Түрген сай, т.б. Басқа үкіметтік емес ұйымдармен («Үміт үйі» ҚҚ, «Халықаралық медицина орталығы» ЖШС, «Ынтымақ» ҚБ, «Қазақстан ауыл жастарының одағы» РҚБ), әкімдіктермен бірлесіп, қайырымдылық көмек көрсетуге, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырдық. 2019 жылы Кеген ауданының әкімдігі, «LIVES’TALK» және «Алтын Дән» қоғамдық қордың арасында жасалған меморандумдарға сәйкес әкімдіктің басшылығымен, «SAMSUNG» және «BETTER WORLD» (Оңтүстік Корея) еріктілерінің қатысуымен мал шаруашылығын дамытуда жаңа технологияларды пайдалануға бағытталған пилоттық-эксперименттік бағдарлама іске қосылды.