ҚАЗАҚ / АҒЫЛШЫН / ҚЫТАЙ / ОРЫС / НЕМІС ТІЛІ КУРСТАРЫ
Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:00

Әр сабақ 60 минут немесе 90 минуттан болады.

Ағылшын / Қытай / Неміс тілдерін оқыту топтық / жеке / қарқынды түрде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ онлайн немесе офлайн режимінде де қол жетімді.

«ӨРКЕН» ЖОБАСЫ
Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:00

Бұл жоба біздің орталық ұсынатын қызметтер үшін (курстарға/іс-шараларға/кеңес беруге) төлеуге қаржылық мүмкіндігі жоқ мұқтаж отбасыларға бағытталған. Біз курстарда барлығына тегін  оқуға  мүмкіндік  береміз.

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН КЛУБ
Айына 1рет, сенбі күні, сағат 14:00-де

Демек  тек әйел  затына арналған кеш. Мұнда біз  әйелдердің жан дүниесіндегі сезімдердің толқуынан туындайтын тасқындарды  бір арнаға бағыттауға көмектесетін әртүрлі, әйелдерге ұнайтын тақырыптарда кеш өткіземіз.

«АСЫЛ ХАНЫМДАР» КЛУБЫ
Уақыт: Дб-Жм

1-топ сағат 9:00-де

2-топ сағат 10:00-де

Үлкен кісілердің денсаулығы мен физикалық белсенділігін қолдау мақсатында біздің клубта емдік дене шынықтыру, би, сонымен қатар бос уақыттарын қызықты әрі жағымды  өткізулері үшін мүмкіндіктер  қарастырылған. Клубта демалыс пен ойын сауық ұйымдастырамыз.

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰЗАРТЫЛҒАН КҮН ТОБЫ (1-4 СЫНЫП)
Уақыт:

1-топ – 10: 00-13: 00

2-топ – 14:00-17:00

Барлық жазбаша және ауызша үй тапсырмаларын орындауға көмектесеміз. 5 балаға дейін шағын топтар, Әр балаға НАЗАР АУДАРУ мен ЖЕКЕ КӨҢІЛ БӨЛУ. Бос уақытта: шахмат, сурет салу, үстел ойындары, би билеу, қолөнер және серуендеу. Жеткізу қызметі де бар.

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ
Жұмыс уақыты: 10: 00-13: 00

Жасы: 4-7 жас

Әрқайсына жол тауып, үйретіп, мектепке дайындаймыз.  Балаларды өте жақсы көреміз, сондықтан ешкім назардан шет  қалмайды 😍 Үйрену бағдарламасына төмендегілер кіреді:

Каллиграфия

Әліпбиді үйрену

Сөйлеуді дамыту

Математика

Логика

Сауат ашу негізі

Дүниені тану

Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын

Шығармашылық

«Hi5» ЖАСТАР КЛУБЫ
Уақыты: 20:00-23:00 (айына екі рет)

Әр кездесу- әртүрлі тақырыпта: кейде біз көңіл көтеріп, мафия немесе үстел ойындарын ойнаймыз, кейде маңызды тақырыптарда пікірталас ұйымдастырамыз, ал кейде фильмдер көріп, талқылаймыз. Айына бір рет CAMP бағдарламасы аясында тауға, саябаққа немесе мұз айдынына барамыз. Бұл ешқашан жалықтырмайды!

«TEEN TEN» ЖАСӨСПІРІМДЕР КЛУБЫ
Уақыты: сенбі 12:00-17:00 (айына бір рет)

«Teenten» жасөспірімдер қозғалысы

Сіздер үшін:

ойындар

тренингтер

белсенді іс шаралар

жорықтар ұйымдастырамыз

Егер сіз жасөспірім болсаңыз?  Өміріңізді әртараптандырғыңыз келсе, өзіңіз сияқты адамдармен танысқыңыз келсе, Бізге келіңіз!

«ПРОД» ЖОБАСЫ
Жоба жетекшісі: Итенов Асан («ДЦП Life» ЖҚ негізін қалаушы)

Тел: + 7 (707) 837 80 36

Уақыты:

Сейсенбі, бейсенбі

12: 45-14: 00 – Жүзу

Сәрсенбі, жұма

13: 00-14: 30 – Бочча

Бағасы: тегін

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына көмек көрсету, мүгедек балаларды оңалту және қоғамға интеграциялау үшін жағдай жасау, балалардың дамуы, демалысы мен денсаулығын жақсарту бойынша бағдарламалар мен бір реттік жобаларды ұйымдастыру.

 

Бағдарламаға бочча (дәлдік үшін спорттық ойын), сонымен қатар жүзу кіреді.

ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРҒА АРНАЛҒАН КУРС «ҮЙЛЕСІМДІ НЕКЕНІҢ ҚҰПИЯ КІЛТТЕРІ»
Уақыт: Сәрсенбі күндері, сағат 19:00

Бір-бірімізді қандай болсақ, сол күйімізде қабылдау. Қабылдай алудың басты кілттерінің бірі әйел мен ер адамның ерекшеліктерін түсініп, бағалау.   Осы сияқты сұрақтар көп.  Біз ерлі-зайыптылар арасында  ең көп кездесетін мәселелер, оның  негізгі себептерін қарастырамыз.

Курс 6 сабақтан тұрады.

Алдын-ала тіркелу қажет

ПСИХОЛОГ КЕҢЕСІ
Уақыты: алдын ала жазылу бойынша, 9:00-18:00